Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғаш рет кендір дақылы егілді

Алматы облысының Райымбек ауданында алғаш рет кендір (лен) дақылын өсіру жобасы қолға алынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жергілікті шаруалар мен қытайлық инвесторлардың бірлескен бастамасы өңірдегі ауыл шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған.

Жоба аясында өткен жылы жер жырту жұмыстары жүргізілсе, биыл көктемде 250 гектар алқапқа кендір тұқымы себілді. Мамандардың айтуынша, алғашқы өнім күткендегідей болса, егіс көлемі алдағы жылдары 3000 гектарға дейін ұлғайтылып, шикізатты терең өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр.

Егістік алқабына арнайы барған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жобаның өңір үшін маңызын атап өтті.

«Кендір көбіне еліміздің солтүстік өңірлерінде өсіріледі. Алматы облысында бұл дақыл алғаш рет тәжірибе ретінде егілуде. Бұл өте жақсы бастама деп есептеймін. Өсімдіктің ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне бейімделіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан күзде жақсы өнім аламыз деп үміттенеміз. Оның үстіне мұнда заманауи технологиялар қолданылуда. Бұл тек бастамасы ғана, болашақта жобаның ауқымы бірнеше есе кеңеюі мүмкін. Жалпы жобаға 4 миллиард теңге инвестиция салынады, ал әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі», – деді облыс әкімі.

Мамандар кендірдің экологиялық таза әрі қайта өңдеуге қолайлы дақыл екенін айтады. Оның тұқымынан тағамдық және техникалық май, косметикалық өнімдер, сондай-ақ мал азығы өндіріледі. Ал сабағы тоқыма өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Одан киім-кешек, қаптар, орау материалдары және басқа да тұрмыстық бұйымдар дайындалады.

Жоба толық іске асқан жағдайда өңірде жаңа өндіріс орындары ашылып, қосымша жұмыс орындары құрылады. Қазірдің өзінде егістік алқабында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жоба авторларының пікірінше, жаңа өндіріс ауыл тұрғындары үшін қосымша табыс көзін қалыптастырып қана қоймай, жастардың ауылда тұрақтап, еңбек етуіне мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде урбанизация қарқынын төмендетіп, ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Алматы облысында ауыл шаруашылығын әртараптандыруға және инвестиция тартуға бағытталған жобалар саны артып келеді. Райымбек ауданындағы кендір өсіру бастамасы да осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі болмақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында алғаш рет кендір дақылы егілді

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Алматы облысына – 4 жыл: өңір қандай жетістіктерге жетті?

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Сенат арнайы органдар туралы заңды қабылдады: не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

Бірінші сынып оқушыларына арналған жаңа бейімдеу бағдарламасы енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

ТЖД рейдке шықты: Алматы облысында бес кеме айып тұрағына қойылды

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz