Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында халықаралық әуе шарлары фестивалі өтеді

6-7 маусым күндері Алматы облысының Қаскелең қаласында халықаралық Qazaqstan International Balloon Festival әуе шарлары фестивалі өтеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Фестиваль аясында 30-дан астам әуе шары бір мезетте көкке көтеріліп, қонақтарға аэростатпен ұшу мүмкіндігі ұсынылады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шара өңірдегі ең ауқымды отбасылық демалыс алаңдарының біріне айналмақ.

Бағдарлама аясында ұзындығы 15 метрге дейін жететін алып әуе батпырауықтарының шоуы, фудкорттар, кемпинг аймағы және балалар мен ересектерге арналған түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.

Фестивальдің басты ерекшелігі – ондаған әуе шарының бір мезетте аспанға көтерілуі. Қонақтар аэростатпен ұшып, Іле Алатауының бөктері мен Қаскелеңнің көркем табиғатын құс көзінен тамашалай алады.

Кешкі концерттік бағдарлама да көрермендерге ерекше әсер сыйламақ. 6 маусым күні фестиваль сахнасында DJ King Macarella өнер көрсетсе, 7 маусымда аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі мен қазақстандық әнші Мирас Жүгінісов ән шырқайды.

Балаларға арналған арнайы аймақта шеберлік сабақтары, батуттар және анимациялық бағдарламалар өтеді.

Ұйымдастырушылар романтикалық ұсыныс жасағысы келетін жұптар үшін де ерекше мүмкіндік қарастырған. Қалаған қонақтар әуе шарымен ұшу кезінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасай алады.

Фестивальге кіру билеттерінің құны 5 мың теңгеден басталады. 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін Алматы қаласынан арнайы трансфер ұйымдастырылып, автотұрақ пен шатырлы лагерь қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, фестивальдің басты мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін танытып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше демалыс сыйлау.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Мамандар 10 маңызды кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында ҚАЖ қызметкері сауда үйіндегі өрттің алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында әйел сапасыз қызмет көрсеткен салонмен дауласты

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында халықаралық әуе шарлары фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026

Алматы облысында жер сілкінісінен кейін жедел желі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
04.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz