
Медициналық пункттер шұғыл жағдайда алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық жабдықтармен, соның ішінде дефибрилляторлармен толық жабдықталған. Бұл тұрғындарға дер кезінде және сапалы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды.

Сондай-ақ медициналық пункттер заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталған. Атап айтқанда, мұнда SOS жедел көмек шақыру батырмасы, аумақты толық қамтитын 360 градус бейнебақылау жүйесі, қашықтан медициналық кеңес алуға мүмкіндік беретін телемедицина қызметі және диспетчерлік орталықпен тікелей байланыс орнататын құралдар қарастырылған.
Бұл жоба өңір тұрғындарын сапалы әрі жедел медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.





