Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында SkyTrain жобасы қолға алынуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы агломерациясын дамыту мәселесіне тоқталып, Алматыға іргелес орналасқан Алатау қаласының сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды кеңейтуге зор мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жаңа қаланың табысты дамуы үшін ең алдымен қолайлы бизнес орта қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

«Мұны өңірдегі билік өкілдері де, кәсіпкерлер де жақсы түсінуге тиіс. Сондықтан тағы да атап өтемін: Алатау қаласында ең алдымен бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау қажет. Кәсіпорындар ашылған сайын халық та осы қалаға қоныстана бастайды. Бұл өз кезегінде Алматыға күнделікті қатынайтын адамдар санын азайтады», – деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, бүгінде Алматыға күн сайын облыстан шамамен 400 мың автокөлік кіріп-шығады. Осыған байланысты агломерациядағы көлік қатынасын күшейтіп, жоғары жылдамдықты қоғамдық көлік жүйесін дамыту қажеттігі туындап отыр.

Осыған орай Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне нақты тапсырма берді.

«Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, биылғы 1 тамызға дейін қаланың шығыс және батыс бағыттары бойынша SkyTrain желісін салу жобасын жан-жақты пысықтауды тапсырамын. Сонымен қатар Алатау қаласын Алматымен байланыстыратын жылдам қоғамдық көлік жүйесін дамыту мәселесін қарастыру қажет», – деді Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Алатау қаласының Үлкен Алматы айналма жолы бойында орналасуы және оны Қорғас бағытымен жалғайтын теміржол желісінің жоспарлануы болашақта ірі өңірлік кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы өңір үшін стратегиялық маңызы бар жобалардың бірі ретінде заманауи мультимодальді логистикалық орталық – Almaty SkyHub жобасын атады.

«Бұл ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдай жасалып, инвесторлар белсенді тартылуы тиіс. Қазірдің өзінде логистикалық орталықтар мен қойма инфрақұрылымын дамытуға қызығушылық танытып отырған әлеуетті серіктестер бар», – деді президент.

Тоқаев Алатау қаласын құру туралы шешім күрделі экономикалық жағдайда қабылданғанымен, оның жан-жақты сараланып әзірленген жоба екенін атап өтті.

«Алатау қаласы – толық есептелген, жан-жақты пысықталған жоба. Оны жүзеге асыру үшін ең алдымен құқықтық, жер және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажет», – деді ол.

Президенттің мәліметінше, қазіргі уақытта жалпы инвестиция көлемі шамамен 2 триллион теңгені құрайды. Сонымен қатар 50 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 50-ден астам инвестициялық жоба іріктелген.

«Алдағы бір-екі жылда басым салаларға инвесторлар тарта отырып, бұл жобалар қоржынын бірнеше есе ұлғайту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қаланың дамуына отандық бизнес те белсенді қатысуы керектігін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, Қытайдағы Шэньчжэнь, сондай-ақ Хайнань, Дубай және Сингапур тәжірибесі көрсеткендей, мұндай жобалардың бастапқы кезеңінде мемлекет негізгі инфрақұрылымды қаржыландыру арқылы жеке инвестициялардың келуіне жол ашады.

Осыған байланысты президент Үкіметке Алатау қаласының базалық инфрақұрылымын дамытуға тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бастапқы инфрақұрылымды салу шығындарын жеке секторға жүктеу жобалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Сондықтан Үкімет қаланың базалық инфрақұрылымын дамытуға тұрақты қаржы бөлуді қамтамасыз етуі керек. Басқа жол жоқ», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қажет болған жағдайда Алатау қаласына қосымша лимиттер беріп, тұрақты кіріс көзі қалыптасқанға дейін мемлекеттік қарыз алу құқығын беру мәселесін қарастыруды ұсынды.

«Бюджеттен бөлінген әрбір теңге инвестициялық сипатта болып, қаланың ұзақ мерзімді дамуына бағытталуы тиіс», – деп түйіндеді президент.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев: Алматы облысы инвестиция мен өндірістің жаңа кезеңіне қадам басты

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Мәжіліс депутаты: Қазақстанда құмар ойынға тәуелділер саны 700 мыңға жетті

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Тоқаев Кипр президентін қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Қазақстандық жасөспірімдерге қауіп: ІІМ жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

Әлем чемпионатының ойындары Қазақстанда қай уақытта көрсетіледі?

Қорлан Нұрланқызы
03.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz