Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жедел жәрдем қызметіне 70 жаңа автокөлік беріледі

Алматы облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркі ауқымды жаңартудан өтуде. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өңірдің жедел медициналық жәрдем станциясына 70 жаңа санитариялық автокөліктің кілті табысталады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазіргі уақытта жаңа техникалардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автокөліктер 2025 жылы лизинг шарты негізінде сатып алынған. Оның ішінде 30-ы – «С» класындағы реанимобиль, ал 40-ы – «В» класындағы санитариялық автокөлік. Барлығы заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және шұғыл көмек көрсетуге бейімделген.

Осылайша, биыл Алматы облысының жедел медициналық жәрдем қызметі үшін сатып алынған 90 санитариялық автокөліктің барлығы пайдалануға беріледі. Оның 20-сы жыл басында медициналық ұйымдарға тапсырылса, қалған 70 көлік жақын күндері қызметке кіріседі.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, автопаркті жаңарту тұрғындарға көрсетілетін жедел медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Жаңа санитариялық автокөліктер шалғай елді мекендерге дер кезінде жетуге, шақыртуларға жедел әрекет етуге және медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмы», – деді Ержан Сүлейменов.

Өңірдегі жедел жәрдем қызметін дамытуға бизнес өкілдері де үлес қосып келеді. Мәселен, өткен жылы әлеуметтік жауапкершілік аясында «Mareven Food» ЖШС жедел медициналық жәрдем қызметіне гуманитарлық көмек ретінде «В» класындағы 10 Foton маркалы санитариялық автокөлікті табыстаған болатын.

Қазіргі таңда Алматы облысында жедел медициналық көмекті 1 станция, 12 қосалқы станция, ауылдық елді мекендердегі 66 дислокациялық пункт және 1 санитариялық авиация бөлімшесі көрсетеді. Өңірде 147 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның ішінде 20 дәрігерлік және 127 фельдшерлік бригада халыққа қызмет көрсетуде.

Жаңа автокөліктерді іске қосу жедел жәрдем қызметінің техникалық мүмкіндігін арттырып, тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында олимпиада жеңімпаздары мен дарынды оқушылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

Алматы облысында жедел жәрдем қызметіне 70 жаңа автокөлік беріледі

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

Halyk қоры Алматы облысындағы ерекше балаларды мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

Ақордада үздік оқушыларға экскурсия ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

Алматы облысында 572 мыңнан астам бала тұрады

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz