Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Маусым айынан бастап қазақстандықтарды бірқатар маңызды өзгерістер күтеді. Елде жаңа мемлекеттік талаптар күшіне еніп, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Сонымен қатар халықаралық әуе рейстерінің саны артып, салық саласы мен банкноттарды айырбастау тәртібінде өзгерістер болады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026
Арнайы жоба, Жаңалықтар, Қоғам

Ескі банкноттарды айырбастау жалғасады

Маусым айында бірқатар банкноттардың параллель айналым мерзімі аяқталады. Атап айтқанда, 2 000 теңгелік банкноттың айналым кезеңі 24 маусымда, ал 10 000 теңгелік купюраның мерзімі 27 маусымда аяқталады.

Соған қарамастан азаматтар ескі банкноттарды айырбастай алады. Коммерциялық банктер мен «Қазпошта» оларды тағы үш жыл бойы қабылдайды, ал Ұлттық банк филиалдары мерзімсіз айырбастап береді.

Жаңа халықаралық әуе рейстері ашылады

1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент – Санкт-Петербург бағыты бойынша рейстерді іске қосады. Ұшулар аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

Ал 3 маусымнан бастап «Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жаңғыртады. Рейстер аптасына үш рет орындалады.

Қазақстанға Cirque du Soleil келеді

Маусым айында әлемге әйгілі канадалық Cirque du Soleil циркі Қазақстанда өнер көрсетеді.

Көрермендерге жәндіктер әлеміне арналған OVO шоуы ұсынылады. Қойылым акробатикалық нөмірлерді, тірі музыканы және заманауи визуалды эффектілерді біріктіреді.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды

5 маусымда Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жариялайды.

Қазіргі уақытта көрсеткіш 18 пайыз деңгейінде тұр. Сарапшылар бұл жолы мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Салық құпиясына қатысты жаңа ережелер күшіне енеді

2 маусымнан бастап мемлекеттік органдар арасында салықтық ақпарат алмасудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі.

Жаңа ережеге сәйкес, азаматтар мен компаниялардың қосымша келісімінсіз мемлекеттік органдар салық құпиясына жататын мәліметтермен алмаса алады. Бұған жеке шоттар, салық берешектері, есептіліктер, электронды шот-фактуралар, тексеру нәтижелері және өндіріп алу шаралары туралы ақпарат кіреді.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс қаржылық ашықтықты арттырып, көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуге бағытталған.

Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгерістер енгізіледі

Маусым айынан бастап зейнетақы жинақтарын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шегіне қатысты жаңартылған талаптар күшіне енеді. Бұл өзгерістер азаматтардың зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдалану мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін.

Не қымбаттайды?

Маусым айы қазақстандықтар үшін тек жаңа мүмкіндіктермен емес, бірқатар қызметтер мен тауарлардың қымбаттауымен де басталмақ. Сарапшылар тасымал, электр энергиясы және автосақтандыру салаларындағы өзгерістер тұрғындар мен бизнес шығындарының артуына әсер етуі мүмкін екенін айтады.

Теміржол тасымалының тарифтері өседі

Ең ірі өзгерістердің бірі теміржол саласында күтілуде. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2026–2030 жылдарға арналған магистральдық теміржол желісі қызметтерінің тарифтерін қайта қарауды ұсынып отыр.

Жоспарға сәйкес, көмір, астық, темір кені және тыңайтқыштар сияқты бірінші және екінші санаттағы жүктерді тасымалдау құны 2,1-3,1 есеге дейін өсуі мүмкін. Ал үшінші санаттағы жүктер бойынша тарифтер 1,8-2,4 есеге қымбаттауы ықтимал.

Тек әлеуметтік маңызы бар төртінші санаттағы жүктер ғана бұл өзгерістен тыс қалмақ.

Сарапшылардың пікірінше, теміржол тарифтерінің өсуі логистикалық шығындарды арттырып қана қоймай, кейіннен азық-түлік пен басқа да тұтыну тауарлары бағасының қымбаттауына әсер етуі мүмкін.

Электр энергиясы мен автосақтандыру да қымбаттауы ықтимал

Маусым айынан бастап бірқатар өңірде электр энергиясының тарифтері қайта қаралады. Сонымен қатар, міндетті автосақтандыру құнының өсуі де көлік иелерінің шығынын арттыруы мүмкін.

Осылайша, маусым айы қазақстандықтар үшін қаржы, тұрғын үй, көлік және мемлекеттік қызметтер салаларындағы бірқатар маңызды жаңалықтармен басталмақ.
Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында олимпиада жеңімпаздары мен дарынды оқушылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

Алматы облысында жедел жәрдем қызметіне 70 жаңа автокөлік беріледі

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

Halyk қоры Алматы облысындағы ерекше балаларды мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

Ақордада үздік оқушыларға экскурсия ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

Алматы облысында 572 мыңнан астам бала тұрады

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz