Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Alatau City әлемдегі алғашқы AI-native economy қалаларының біріне айналмақ

«Alatau City Authority» мемлекеттік қорының (ACA) өкілдері Алматыда өткен Solana Summit Kazakhstan 2026 халықаралық конференциясында болашақтың цифрлық экономикасын дамыту тұжырымдамасын таныстырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа буындағы цифрлық технологияларға арналған форумға қордың Бас атқарушы директорының орынбасары Арман Тастанбеков қатысып, Alatau City жобасының даму стратегиясы жөнінде баяндама жасады.

Keynote-сессия барысында Alatau City физикалық инфрақұрылым мен цифрлық жүйелер қатар қалыптасатын жаңа буындағы қала ретінде таныстырылды. Жоба цифрлық активтерді дамытуға, инфрақұрылымды токенизациялауға, ашық инвестициялық тетіктерді енгізуге және Web3 технологияларын кеңінен пайдалануға негізделген.

Арман Тастанбековтің айтуынша, Alatau City дәстүрлі Smart City форматынан өзгеше бағытта дамып келеді.

«Alatau City – токенизация, жасанды интеллект, Web3 және цифрлық инвестициялық жүйелер қала дамуының іргетасына айналатын әлемдегі алғашқы жобалардың бірі», – деді ол.

Спикердің сөзінше, қала AI-native economy қағидаттарына сүйене отырып қалыптасуда. Бұл жасанды интеллект, цифрлық сәйкестендіру, блокчейн технологиялары мен автоматтандырылған сервистер қаланың басқару жүйесіне, инфрақұрылымына және экономикалық процестеріне бастапқы кезеңнен енгізілетінін білдіреді.

Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – «tokenization by default» қағидаты. Бұл тәсіл қала инфрақұрылымы мен сервистерін халықаралық инвестициялық орта мен жаңа цифрлық экономика талаптарына алдын ала бейімдеуді көздейді.

Жоба авторларының пікірінше, мұндай модель халықаралық инвесторлар, технологиялық компаниялар мен тұрғындар үшін ашық әрі қолжетімді экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Конференция аясында Alatau City аумағында өңірлік криптокластер құру бастамасы да таныстырылды. Жоспар бойынша кластер Web3-компанияларды, инвесторларды, жоғары оқу орындарын, өндірістік кәсіпорындарды және технологиялық акселераторларды бір алаңға біріктіреді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Alatau City цифрлық сервистерді, инновациялық инвестициялық өнімдерді және экономиканың нақты секторына арналған технологиялық шешімдерді дамыту орталығына айналуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz