Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында камераны алдағысы келген жүргізуші көлігінен айырылды

Алматы облысы тұрғынының жол қозғалысы ережелерін тіркейтін автоматтандырылған бақылау жүйесінен жалтарғысы келген әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Полиция мәліметінше, құқық бұзушылық Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Бақылау кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірінде өзгеріс бар автокөлік күдік тудырған.

Тексеру нәтижесінде жүргізушінің құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін жүйеден жалтару мақсатында мемлекеттік нөмірдегі әріптердің бірін әдейі өзгерткені белгілі болды.

Құқық қорғау органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде жүргізуші анықталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көлік арнайы айып тұрағына қойылған.

«Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін тіркейтін автоматтандырылған жүйені алдау үшін мемлекеттік тіркеу нөміріне өзгеріс енгізген. Алайда бұл әрекет бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасыру, өзгерту немесе қолдан жасау заң бұзушылық болып саналатынын ескертті. Мұндай әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz