
Полиция қызметкерлері тұрақты түрде түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде немесе ойын-сауық орындарында жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге алкоголь және темекі өнімдерін сату деректерінің жолын кесу бойынша жұмыстар атқарылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін 4927 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, жолы кесілді.

Атап айтқанда:
— 3052 дерек бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны анықталды. Осыған байланысты ата-аналар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
— Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 68 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды;
— Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 1499 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайға тап болған 18 жасөспірім кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына орналастырылды. Сондай-ақ 9 заңды өкілдің ата-ана құқығы шектелді.

Алматы облысының Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге, әсіресе кешкі және түнгі уақытта олардың жүрген жері мен араласатын ортасын бақылауда ұстауға шақырады.






