Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында балалардың түнгі жүрісінің алдын алу шаралары жалғасуда — фоторепортаж

Алматы облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Қарасай ауданында облыстық және аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ аудандық білім бөлімі мен өңірлік жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысқан «Балалар бақылауда» жедел-профилактикалық рейді ұйымдастырылды.

Сағат 22:00-де полиция қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері Қаскелең қаласының көшелеріне рейдтік шараға шықты. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара барысында қала аумағы жіті бақылауға алынды.

Жедел-профилактикалық рейдке бір автобус пен бірнеше қызметтік автокөлік тартылды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары жастар жиі жиналатын аулаларды, саябақтарды, ойын-сауық орындарын аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жедел-профилактикалық іс-шараға бір автобус пен бірнеше қызметтік автокөлік тартылды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторлары жастар жиі бас қосатын аулаларды, саябақтарды және ойын-сауық орындарын аралап, рейдтік бақылау жүргізді. Шара барысында қоғамдық тәртіптің сақталуы қадағаланып, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүру деректерінің алдын алуға басымдық берілді.

Мұндай рейдтер полиция қызметкерлері үшін қалыпты тәжірибеге айналған. Себебі олар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жиі баратын орындары мен қозғалыс бағыттарын жақсы біледі. Тәжірибе көрсеткендей, жасөспірімдердің басым бөлігі түнгі мезгілде уақытын компьютерлік ойын клубтарында өткізеді.

Мәселен, кезекті рейд барысында «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі компьютерлік ойын клубтарының бірінен бірнеше кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олар учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, ата-аналары шақырылды. Заң талаптарына сәйкес ата-аналардан түсініктеме алынып, профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ескерту берілді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдайларда ата-аналардың көпшілігі баласының дүкенге кеткенін немесе досының үйіне қонуға сұранғанын алға тартады. Алайда рейд нәтижелері жасөспірімдердің түнгі уақытын көбіне ойын-сауық орындарында өткізетінін көрсетіп отыр.

Жасөспірімдер тұрғын үй кешеніндегі учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, ата-аналары шақырылды. Оларға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналардан түсініктеме алынды және заң талаптарына сәйкес ескерту жасалды.

Түнгі уақытта көшеде себепсіз жүрген балалардың ата-аналарына алдымен ескерту беріледі. Егер мұндай құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайта қайталанса, ата-аналарға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Рейд қорытындысы бойынша ондаған компьютерлік клуб пен ойын-сауық мекемелерінде 12 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардың қатарында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жіберілуі және мекеме иелерінің заң талаптарын бұзуы секілді фактілер бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рейдтер бір реттік акция емес, жүйелі түрде жүргізілетін профилактикалық шаралардың бір бөлігі. Осыған байланысты түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтіліп, тексеру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

«Жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміздің бірі. Сондықтан жасөспірімдерді құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың кез келген көрінісінің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Түнгі ойын-сауық орындарының барлығы заң талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Әрбір анықталған құқықбұзушылық назардан тыс қалмайды және оған сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Жыл басынан бері өңірде жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 3000-нан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жұмыстар қылмыс деңгейінің төмендеуіне және құқықбұзушылықтардың азаюына оң ықпал етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, кәмелетке толмағандарға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден тыс жерде жүруге тыйым салынады. Аталған талапты бұзған жағдайда ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Берік Дәкеев

Еске салайық, өңірде 14–16 мамыр аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 370 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған болатын.

Ұйымдастырушылар мекеме иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балаларының бос уақытын жіті бақылауда ұстауға шақырады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында балалардың түнгі жүрісінің алдын алу шаралары жалғасуда — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz