Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бөлек ауылының 11-сынып оқушысы Али Лоян Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, ел назарын өзіне аударды. Барлық сұраққа мүдірмей жауап берген талапкер Қазақстан бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен түлектердің қатарына енді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

17 жастағы Али Лоян Еңбекшіқазақ ауданындағы Максим Горький атындағы орта мектептің түлегі. Ол ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы пәндерін таңдап, шекті балды толық жинаған. Қалған ұпайлары IELTS және SAT халықаралық емтихандарының нәтижесі арқылы есептелген.

Жас түлектің айтуынша, ол дайындықты 10-сыныптың соңында бастаған.

«Алдымен ағылшын тілін оқып, халықаралық емтихандар тапсырдым. Кейін 11-сыныптан бастап жүйелі түрде дайындала бастадым. Достарым футбол ойнауға немесе серуендеуге шақырғанда, мен мақсатым үшін дайындалуым керек деп бас тартатынмын. Себебі бір жетістікке жету үшін кей нәрседен уақытша бас тартуға тура келеді», — дейді Али Лоян.

Талапкер бұл нәтижені ұзақ дайындық пен табандылықтың жемісі деп есептейді. Оның айтуынша, жоғары балл жинау тек біліммен ғана емес, тәртіп пен тұрақты еңбекті талап етеді.

Али халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндігі бола тұра, Қазақстанда қалуды жөн көрген. Ол SDU университетінің шет тілдері факультетіне түсуді жоспарлап отыр.

Болашақта ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгеріп, туризм саласын дамытуға үлес қосуды мақсат етеді.

«Қазақстан бойынша алтыншы болып 140 балл жинадым. Өз облысым мен ауылымның атын шығарғаныма қуаныштымын. Болашақта шетелден келген туристерге еліміздің әдемі жерлерін таныстырып, туризмнің дамуына үлес қоссам деймін», — дейді мектеп түлегі.

Түлектің анасы Анар Жақсыбаева ұлының бұл жетістігі үлкен еңбектің нәтижесі екенін айтады.

«Нәтижесін естігенде алғашында сенбедім. Қайта сұрап, «Шынымен 140 па?» дедім. Әрине, қатты қуандым. Оның қаншалықты дайындалғанын көрдік. Бұл — біздің отбасымыз үшін үлкен мақтаны», — дейді ол.

Айта кетейік, жоғары нәтиже көрсеткен түлекке 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды. Енді Али Лоян алдағы қорытынды емтихандарды сәтті тапсырып, «Алтын белгі» атағын қорғауды жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҰБТ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

Алматы облысындағы Төменгі Көлсай көлінде жаңа құтқару пункті ашылды

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

ТЖМ басшысы Алматы облысындағы жаңа тікұшақ алаңымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz