Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ТЖМ басшысы Алматы облысындағы жаңа тікұшақ алаңымен танысты

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Кеген ауданындағы Саты ауылдық округінде орналасқан «Көлсай» тікұшақ алаңымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Нысан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында, Көлсай көліне жақын маңда орналасқан. Тікұшақ алаңы төтенше жағдайлар кезінде авиациялық жұмыстарды жедел орындауға арналған.

Аталған нысан арқылы қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау, авариялық-құтқару бөлімшелерін жеткізу, сондай-ақ арнайы техника мен қажетті жабдықтарды жетуі қиын аймақтарға жедел тасымалдау мүмкіндігі қарастырылған.

Нысанды аралау барысында ТЖМ басшысына тікұшақ алаңының техникалық мүмкіндіктері мен пайдалану шарттары таныстырылды. Мамандардың айтуынша, алаң әуе кемелерінің қауіпсіз қонуы мен ұшу талаптарына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, бұл нысан өңірдің таулы әрі туристік аумақтарында жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, «Көлсай» тікұшақ алаңының құрылысы бюджеттен тыс қаражат есебінен жергілікті кәсіпкердің қолдауымен жүзеге асырылған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

ІІМ Telegram-дағы жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz