Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ҰБТ басталды: 240 мыңға жуық талапкер тіркелді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды lataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.05.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Министрдің айтуынша, биыл ҰБТ 10 мамырда басталған. 2026 жылы Қазақстан бойынша шамамен 215 мың оқушы мектеп бітіреді. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

«2023 жылы мектеп бітірушілер саны 162 мың болса, 2024 жылы – 188 мың болды. Бұл жоғары білімге деген сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді», – деді Саясат Нұрбек.

Оның мәліметінше, биыл ҰБТ-ға 239 мыңнан астам адам тіркелген. Оның ішінде өткен жылдардың түлектері мен колледж бітірушілері де бар. Ал 200 мыңға жуығы – биылғы мектеп түлектері.

Министрлік тарапынан ҰБТ өткізуге қатысатын барлық мемлекеттік органдардың жұмысы үйлестірілгені айтылды.

«Барлық өңірде жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау құрылымдары, жоғары оқу орындары мен білім басқармаларының қатысуымен мемлекеттік комиссиялар құрылды», – деді министр.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Биыл тестілеу форматы өзгеріссіз қалған. Талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, грант конкурсына ең үздік нәтижесімен қатыса алады.

Сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін қатысушылар дұрыс және қате жауаптар туралы ақпаратпен қатар, нәтижелердің толық талдауын алады.

Қазіргі таңда 80 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырып үлгерген.

Тегтер: ҚазақстанҰБТ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz