Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Алматы облысының Түрген ауылында көлік жүргізген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кеткен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскеннен кейін тәртіп сақшылары жүргізушіні анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар қабылдаған.

«Аталған дерек бойынша JAC маркалы автокөлікті басқарған кәмелетке толмаған жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы да екі бап бойынша жауапқа тартылды», – делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта көлік арнайы айып тұрағына қойылған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, түпкілікті процессуалдық шешім медициналық қорытынды алынғаннан кейін және зардап шеккен бала ауруханадан шыққан соң қабылданады», – деді ведомство өкілдері.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

«Көкпек – Кеген» автожолының бір бөлігін сел суы шайып кетті

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz