Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Алматы облысының Іле ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді санитарлық тазалық сенбілігі ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ауқымды шараға аудан тұрғындары, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен коммуналдық сала мамандары қатысты.

Бұл жолғы сенбіліктің ерекшелігі – акцияның тек көшелер мен қоғамдық орындарды тазалаумен шектелмей, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуге бағытталуы болды.

Атап айтқанда, Қайыржан Жақсымбетов аудан жастары және еріктілермен бірге Байсерке ауылында тұратын жалғызбасты зейнеткерлердің үйлеріне барып, тазалық және абаттандыру жұмыстарына қатысты.

Еріктілер Валентина Васильевна мен Раиса Яковлевнаның аулаларын тазалап, аумақты ретке келтіру және сырлау жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар аулаға көшеттер отырғызылып, тұрғындарға әлеуметтік және моральдық қолдау көрсетілген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау ғана емес, қоғамда жанашырлық, қамқорлық және өзара көмек мәдениетін қалыптастыру.

Жалпы аудан бойынша өткен сенбілікке 2856 адам қатысып, 13 арнайы техника жұмылдырылды.

Нәтижесінде:

▫️ 25 гектар аумақ тазартылды;
▫️ 57 тонна қоқыс шығарылды;
▫️ Елді мекендерде абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Әкімдік мәліметінше, Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz