Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ұстазға қол көтерген оқушы есепке алынуы мүмкін

Алматы облысында оқушының ұстазын соққыға жығуына қатысты оқиға бойынша полиция тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл 20 қаңтарда кәмелетке толмаған жасөспірімнің ер адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 16 қаңтар күні шамамен сағат 09:00-де Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде жасөспірім мен ер адам арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан ер адам дене жарақатын алған.

«Арыз түскеннен кейін жасөспірім заңды өкілдерімен бірге дереу полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық ПД өкілдері.

Сонымен қатар, іс сотта қаралғаннан кейін материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданады. Онда мектеп оқушысын профилактикалық есепке қою мәселесі қаралады.

Полиция мәліметінше, сот жасөспірімнің ата-анасының әрекетіне де құқықтық баға береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz