Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев жас жауынгерлермен жүздесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Отан қорғаушылар күні қарсаңында Талғар ауданындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейіне барды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Салтанатты шара барысында лицейдің бірнеше ротасы сап түзеп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауынгерлік әндер орындап өтті. Сонымен қатар оқушылар қоян-қолтық ұрыс тәсілдері мен әскери дайындық элементтерін көрсетті.

Өңір басшысы лицей ұстаздары мен шәкірттерін мерекемен құттықтап, бұл оқу орнының ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отырғанын айтты.

“”Арыстан” мамандандырылған лицейі – мыңнан астам түлек тәрбиелеп шығарған білім ордасы. Қазіргі таңда оның 356 түлегі Қазақстанның күштік құрылымдарында қызмет атқарып жүр. Лицейде ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық сауаттылық, робототехника және инженерлік ойлау бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкімнің айтуынша, Алматы облысында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде өңірдегі білім беру ұйымдарында «Жас сарбаз» қозғалысы аясында 87 сынып пен 40 арнайы клуб жұмыс істейді. Онда 3 мыңнан астам оқушы «Жас шекарашы», «Жас авиатор», «Жас десантшы» бағыттары бойынша білім алып, саптық дайындық дағдыларын меңгеруде.

Сондай-ақ облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде жаңа әскери мектеп-интернат ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

“Еңбекшіқазақ ауданының Ащысай ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп базасында 300 орындық әскери мектеп-интернат ашу көзделіп отыр. Болашақта бұл мекеме “Арыстан” лицейімен тығыз байланыста жұмыс істеп, оның озық тәжірибесін қолданатын болады”, – деді аймақ басшысы.

Шара соңында облыс әкімі бірқатар ұстаз бен лицей шәкірттерін Алғыс хатпен марапаттап, оқу орнының жұмысымен танысты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дорожное полотно провалилось в Алматинской области

Николай Иващенко
07.05.2026

Спасатели Алматинской области вызволили сразу двух человек из глубоких ям

Николай Иващенко
07.05.2026

Токаев поздравил казахстанцев с Днем защитника Отечества

Николай Иващенко
07.05.2026

В Алматинской области подвели итоги проекта «Ценность слова в цифровую эпоху»

Николай Иващенко
07.05.2026

Ученики Алматинской области одновременно высадили более 360 тысяч семян деревьев

Николай Иващенко
06.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz