Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Алматы облысы Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінің Кербұлақ және Сарыбұлақ ауылдарында жылдар бойы тұрғындарды алаңдатқан ауыз су мәселесі оң шешімін тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Енді бұл елдімекендерде су қысымы айтарлықтай көтеріліп, халықтың күнделікті тұрмысындағы ең өзекті түйткілдердің бірі жойылды.

Бұған дейін ауыл тұрғындары, әсіресе жаз мезгілінде, су тапшылығын қатты сезінетін. Күн ысыған уақытта бау-бақша суару, мал-жанға қарау және тұрмыстық қажеттіліктер артқан сайын орталық жүйедегі су қысымы күрт төмендеп, кей үйлерге су мүлде жетпей қалатын.

Қазіргі таңда аталған екі ауылда 437 абонент тіркелген. Бұған дейін елдімекендер тек 300 текше метрлік резервуар арқылы сумен қамтылып келген. Алайда тұтыну көлемінің артуына байланысты бұл қуат жеткіліксіз болды. Осыған байланысты қосымша 25 текше метрлік су мұнаралары орнатылып, жүйеге қосылды.

Мамандардың айтуынша, су мұнарасы – су жүйесіндегі қысымды тұрақты ұстап тұратын маңызды инженерлік нысан. Биікте орналасқандықтан, жиналған су табиғи қысыммен төменге таралып, тек орталық көшелерге ғана емес, шеткі үйлерге дейін бірқалыпты жетеді.

Жаңартылған жүйенің нәтижесін тұрғындар да бірден байқаған.

«Су мұнарасы іске қосылғанына үш күннен асты. Қазірдің өзінде айырмашылық анық сезіледі. Бұрын кей уақытта су жіңішкеріп, кейде мүлде тоқтап қалатын. Қазір қысым әлдеқайда жақсы. Енді алаңсыз көкөніс егіп, жеміс-жидек суарып, күнделікті тірлігімізді жасайтын болдық», – дейді Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Қуаныш.

Шеңгелді ауылдық округі әкімінің орынбасары Жандос Манеевтің айтуынша, бұл мәселе ұзақ уақыт бақылауда болып, тұрғындардың өтініші негізінде шешімін тапқан.

«Мұнымен жұмыс тоқтамайды. Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес, алдағы уақытта Кербұлақ, Сарыбұлақ, Шеңгелді және Ақөзек елдімекендеріндегі су құбырлары толық жаңартылады. Жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған», – деді ол.

Айта кетейік, соңғы жылдары Шеңгелді ауылдық округінде инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Былтыр бес ауылға жаңа жол төселсе, биыл ауыз суға қатысты түйткіл шешімін тапты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz