Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ желдің екпіні күшейеді деп күтіледі.

Мамандардың болжамына сәйкес, 5 мамырда еліміздің солтүстік өңірлерінде, ал 6-7 мамыр күндері батыс аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Бұдан бөлек, республика бойынша батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді, дегенмен кей өңірлерде аздап ауытқуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде күндізгі температура +22…+32°C-тан +27…+36°C-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік-шығыста +15…+30°C-тан +20…+35°C-қа дейін көтеріледі.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz