Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Алматы облысындағы Күрті су қоймасы соңғы жылдары жаңа серпін алып, өңірдің танымал туристік нысандарының біріне айналды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Кино тарихында «Қыз Жібек» фильмі түсірілген көркем мекен бүгінде демалушылар жиі баратын орынға айналған. Қазіргі таңда мұнда күн сайын 1500–2000-ға дейін турист келеді.

Осыған байланысты «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Күрті жағалауында жергілікті тұрғындармен бірге сенбілікке қатысты.

Өңір басшысы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтті.

«Табиғат – бұл тек ресурс емес, бұл – біздің болашағымыз. Таза орта – әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Бүгінгі бастама – тек бір күндік шара емес, ол тұрақты дағдыға айналуы тиіс», – деді әкім.

Аталған туристік аймақта өткен сенбілікке 500-ге жуық тұрғын қатысып, 9 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Жалпы, Іле ауданында сенбілік кең көлемде ұйымдастырылып, негізгі туристік нысандар толық қамтылды. Атап айтқанда, Первомайские пруды, Sokol спорттық-техникалық кешені, Рыбацкая усадьба, Tortuga демалыс базасы және Dubai Resort аквапаркі аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аудан бойынша сенбілікке 800-ден астам адам қатысып, 45 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Айта кетейік, бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №910 қаулысымен бекітілген «2024–2029 жылдарға арналған “Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы» аясында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Жыл басынан бері Іле ауданында 8 санитарлық сенбілік және «Таза өлке – таза жер» акциясы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 15 142 адам қамтылып, 189 арнайы техника жұмылдырылып, 795,4 тонна қоқыс шығарылған. Сонымен қатар 25 763 ағаш отырғызылды.

Мамандардың айтуынша, Іле ауданы бүгінде өндіріс пен инфрақұрылым ғана емес, экологиялық мәдениет қалыптасып жатқан өңір ретінде ерекшеленіп отыр. Ал Күрті жағалауы – табиғат пен туризм үйлескен жаңа тартымды нүктеге айналған.

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz