Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Тазалық күні»: «Тамғалы тас» марафонға дайындалып жатыр

Алматы облысында мерекелік күндері тазалық жұмыстары күшейтіліп, өңірде «Тазалық күні» жарияланды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ақпаратқа сәйкес, туристік нысандарда, саябақтар мен аулаларда жаппай сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Бұл демалыс күндері облысқа еліміздің түрлі өңірлерінен және шетелден келетін қонақтар санының артуымен байланысты. Осыған орай туристік орындардың санитарлық талаптарға сай болуы ерекше маңызға ие.

Бүгінгі тазалық шаралары Іле өзені жағалауындағы «Тамғалы тас» шатқалында өтті. Аталған аумақта алдағы уақытта халықаралық «TENGRI ULTRA – 2026» марафоны ұйымдастырылмақ.

Биылғы жарысқа әлемнің 22 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысып, 5000-нан астам жанкүйер келеді деп күтілуде. Дәстүрлі дода биыл 11-ші рет өткізілмек.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев халықаралық жарыс өтетін аумаққа арнайы барып, дайындық барысымен танысты. Өңір басшысы марафон өтетін аумақтың таза, ұқыпты әрі қауіпсіз болуы керектігін атап өтті.

«Туристік орындардың тазалығы – елдің имиджі мен мәдениетінің айқын көрінісі. Әрбір қонақ табиғаттың сұлулығымен қатар, оның қаншалықты күтіп ұсталғанына мән береді. Таза әрі ұқыпты орта туристерге жағымды әсер қалдырып, олардың қайта келуіне ықпал етеді. Сондықтан аймақ тазалығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, биыл өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 220 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Жыл басынан бері 77 мың көшет егілді.

Сонымен қатар, көктем басталғалы облыс аумағында 8 ірі сенбілік ұйымдастырылып, нәтижесінде 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Қазіргі уақытта қарағаш тұқымын жинау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бұл іске 150-ге жуық адам жұмылдырылып, нәтижесінде 400 келі тұқым жиналған. Жиналған дәндер алдағы уақытта көшет өсіру және елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарына пайдаланылмақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz