Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында казино мен букмекерлік кеңселерге жаңа шектеу енгізіледі

Алматы облысында ойын бизнесіне қатысты жаңа шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін реттейтін үлгілік қағидаларға өзгерістер енгізілді.

Жаңа нормаға сай, Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализатор кассаларына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ғана кіре алады.

Бұл шектеу аталған нысандардың қызметкерлеріне және қызметтік міндетін атқару үшін сол жерде жүрген өзге тұлғаларға қолданылмайды.

Құжатқа сәйкес, мұндай тәртіп тек Алматы облысымен шектелмейді. Шектеу Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданы мен Алакөл маңында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандарында орналасқан ойын мекемелеріне де қатысты.

Жаңа өзгерістер 17 мамырдан бастап күшіне енеді.

Министрлік бұл түзетулер «Ойын бизнесі туралы» заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері өседі

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында тұқым жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында сүт өндірісі артып, агросекторға миллиардтаған теңге қолдау көрсетілді

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында жолға арналған 20 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz