Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы «Асыл Арман» кешенінде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Алматы облысындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде пәтерден өрт шығып, ондаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға Қарасай ауданына қарасты Иргелі ауылында болған. 112 пультіне 9 қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатында орналасқан көршілес екі екі бөлмелі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 25 адамды эвакуациялаған. Оның ішінде 18 ересек пен 7 бала бар. Сонымен қатар тағы 20 тұрғын, оның ішінде 5 бала өз бетінше қауіпсіз жерге шыққан.

Өрт сөндірушілер жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеп, тілсіз жаудың көршілес пәтерлерге таралуына жол бермеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды еске салды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz