Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Көпқабатты үйдегі өрт: құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Алматы облысында құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 5 газ баллонын сыртқа шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 пультіне Талғар ауданына қарасты Қайнар ауылындағы төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, қауіптің ұлғаюына жол бермеді. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар пәтерден 5 газ баллонын — төрт 50 литрлік және бір 27 литрлік баллонды қауіпсіз жерге шығарып, жарылыс қаупін сейілтті.

Сондай-ақ мамандар өрттің көршілес пәтерлерге таралуына жол бермеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар тұрғындарды газ құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz