Оқиға таулы аумақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға құлаған.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері оқиға кезінде жақын маңда гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Мамандар жағдайға шұғыл араласып, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен бірлесіп, көлік құралын қолжетімсіз аумақтан сәтті шығарып алды.
Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар таулы аймақтарда қозғалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандар мұндай аумақтарда сақтық шараларын елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.





