Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Алматы облысында «Жасыл болашақ» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциялары аясында ауқымды сенбілік өтіп, оған 47 мыңнан астам адам қатысты, деп хабардайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026
Аймақ

25 сәуір күні өткен экологиялық шара барысында өңір бойынша 762 гектардан астам аумақ тазартылып, 2307 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 21 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жалпыоблыстық акцияға The 287 бірлік техника жұмылдырылды.

Ауқымды акцияның басты оқиғаларының бірі Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телекөпір өтіп, оның аясында 100 түп ағаш егілді.

Экологиялық акция өңірдің бірнеше ауданын қамтыды. Іле ауданында 2093 адам қатысып, 1290 түп ағаш отырғызылып, 77,1 тонна қоқыс шығарылды. Талғар ауданында 600 түп көшет егілсе, Қарасай ауданында «Алтын таға» зауытының қолдауымен 1000 түп ағаш отырғызылып, сенбілікке 5000-нан астам адам жұмылдырылды.

Шараға қоғам белсенділері, жастар ұйымдары, еріктілер, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, мұндай акциялар тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттырып, тазалық мәдениетін нығайтуға ықпал етіп келеді.

Айта кетейік, Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматы облысында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Биыл 28 ақпан мен 23 сәуір аралығында өңірде 697 іс-шара ұйымдастырылып, оған 344 мыңнан астам адам қамтылған. Осы кезеңде 59 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 1979 тонна қоқыс шығарылған.

2026–2030 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, Алматы облысында жыл сайын шамамен 220 мың түп ағаш отырғызу көзделген. Бүгінгі экологиялық акциялар мемлекеттік бастамалардың нақты нәтижесін көрсетіп қана қоймай, қоғамның ортақ іске жұмыла алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 80

Алматы облысында 52 миллион көшет отырғызу жоспарланған

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Қонаевта 30 жыл жиналған қоқыс үйінділері тазартылды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Жүздеген елді мекен қамтылады: Алматы облысы сенбілікке дайындалып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданындағы өндіріс орындарын аралады

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz