Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданындағы өндіріс орындарын аралады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барып, өңірдің өндірістік әлеуетімен танысты және тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аймақ басшысы алдымен Үңгіртас ауылындағы Plast Invest Production кәсіпорнына барып, пластикалық құбыр шығаратын зауыттың жұмысын көрді. Кәсіпорын сумен жабдықтау, газ, кәріз және дренаж жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларын шығарады.

Қазіргі таңда мұнда 84 адам еңбек етеді. Зауыт басшылығы өңір басшысына өндірісті дамытуға қатысты бірқатар мәселені, соның ішінде табиғи газға қосылу мен жол жөндеу мәселесін жеткізді.

Одан кейін әкім Ұзынағаш ауылында өткен халықпен кездесуге қатысты. Жиында аудан әкімі Нұрлан Ертас өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.

Оның айтуынша, 2025 жылы ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң өсім көрсеткен. Бюджет кірісі 32,9 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға өскен.

Аудан экономикасының негізгі драйвері саналатын ауыл шаруашылығында да өсім бар. Былтыр саладағы өнім көлемі 86,4 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,3 пайыз болған.

Кездесуде Таза Қазақстан акциясының аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстары да айтылды. Атап айтқанда, тұрғындар, жастар мен еріктілердің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер тазартылып, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілген.

«Алдымыздағы міндеттер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді. Барлық жұмыс халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған», – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер мен ауылдарды дамытуға қатысты сұрақтарын қойып, облыс және аудан басшылығы оларға жауап берді.

Марат Сұлтанғазиев тұрғындардың өтініштері назарда екенін айтып, өңір әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz