Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы халықаралық көрмеде бірегей экожобаларын таныстырды

Астанада өтіп жатқан «RES EXPO – 2026» халықаралық көрмесінде Алматы облысының экологиялық тиімділігі жоғары инновациялық жобалары таныстырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Көрмеде өңірдің жаңашылдығымен ерекшеленген екі ірі жобасы көпшілік назарын аударды. Оның бірі – автокөлік шиналарын терең өңдейтін QazRez кәсіпорны.

Талғар ауданында орналасқан зауыт өткен жылдың соңында іске қосылған. Кәсіпорын жеңіл және жүк көліктерінің, сондай-ақ ірі техникалардың пайдаланылған шиналарын толық өңдеп, құрылыс пен өнеркәсіпке қажетті өнім шығарады.

Компания өкілдерінің айтуынша, өндірісте қалдық мүлде қалмайды — шиналардың әр бөлігі қайта өңделіп, кәдеге жаратылады. Кәсіпорын өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай нарығына экспортталады.

«Болашақта Қазақстанның әр өңірінде шикізат дайындайтын қосалқы өндіріс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар өңделген резеңкеден конвейерлік таспа мен жоғары кернеулі кабель өндіру көзделіп отыр», – деді компания өкілі Владимир Малик.

Қазіргі таңда зауытта 100-ден астам адам жұмыс істейді.

Көрмеде көпшіліктің қызығушылығын тудырған тағы бір жоба – тамақ қалдықтарын терең өңдейтін Food Waste кәсіпорны.

Кәсіпорын мейрамханалар мен өндіріс орындарынан шыққан тамақ қалдықтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы жануарларға арналған жем мен органикалық тыңайтқыш өндіреді.

«Егер мұндай қалдықтар полигондарға жіберілсе, улы газ бөліп, экологияға зиян келтіреді. Сондықтан біз оны өңдеу арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтамыз», – деді кәсіпорынның бас директоры Бекежан Қайырғалиев.

Оның айтуынша, кәсіпорын 2024 жылы іске қосылған, ал биыл тәулігіне 100 тонна қалдық өңдейтін ірі кешеннің құрылысы аяқталады.

Осылайша, «RES EXPO – 2026» көрмесінде Алматы облысы экологиялық жобаларды дамыту бағытындағы әлеуетін көрсетті. Өңір табиғатты қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу және жасыл технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастырып келеді.

Айта кетейік, көрме RES EXPO 2026 аясында ұйымдастырылған. Шара ертең қорытындыланады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жамбылский район: определены задачи и приоритеты развития

Николай Иващенко
24.04.2026

Алматинская область представила экологические проекты на международной выставке

Николай Иващенко
24.04.2026

В Казахстане заработал частный фонд «Фонд казахстанских спасателей»

Николай Иващенко
24.04.2026

Экоакция «Таза Қазақстан»: сколько населённых пунктов Алматинской области примут участие в масштабном субботнике

Николай Иващенко
24.04.2026

В честь Дня единства народа Казахстана в Конаеве пройдет велопробег

Николай Иващенко
23.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz