Журналистер министрден биыл 30 тамыз – Конституция күні демалыс бола ма деген сауал қойған. Бұған дейін бұл күн мемлекеттік мереке ретінде белгіленіп, ресми демалыс күні болып келген.
Алайда министрдің айтуынша, биыл жағдай өзгереді.
«Ал 30 тамызда қандай мереке? Демалыс болмайды. Бұл күн алынып тасталды, себебі жаңа Конституцияға сәйкес басқа күн белгіленген. 30 тамыз – жұмыс күні болады», – деді Асқарбек Ертаев.





