Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу шегі көтерілуі мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев зейнетақы жинағын пайдалану үшін белгіленген жеткіліктілік шегін көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026
Жаңалықтар

Министрдің айтуынша, аталған шекті инфляция деңгейіне байланысты қайта қарау ұсынылған.

«Біз жеткіліктілік шегін болжамды инфляция деңгейіне сәйкес көтеруді ұсындық. Тиісті қаулы жобасын жолдадық, қазір мемлекеттік органдардың ұсыныстарын күтіп отырмыз. Одан кейін толық келісу рәсіміне жіберіледі. Жалпы, бұл өзгерістер жақын арада қабылданады деп ойлаймыз. Мүмкін келесі айда жеткіліктілік шегін көтеру қажет болады», – деді Ертаев.

Ол сондай-ақ мұндай шешімнің негізгі себебін түсіндірді.

«Әр азамат зейнет жасына жеткенде лайықты зейнетақы алуы тиіс. Соңғы бес жылда жинақтан 5 триллион теңге алынған. Оның ішінде несие жабуға, емделуге жұмсалған қаражат бар – оны түсінеміз. Бірақ болашақты да ойлауымыз керек. Зейнетақы ең төмен деңгейде қалып қоймауы үшін жинақтарды сақтауға мән беру қажет», – деді министр.

Министрлік мәліметінше, ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың болашақтағы зейнетақы төлемдерінің деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тегтер: зейнетақыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz