Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында екі бірдей АЭС салынады, дайындық басталды

Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы жаңа кезеңге өтті. Алматы облысының Жамбыл ауданында болашақ АЭС құрылысына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл туралы 20 сәуірде Мәжілісте Асет Махамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, алғашқы атом электр станциясын салу үшін негізгі алаң ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы таңдалған.

Қазіргі уақытта аталған аумақта МАГАТЭ ұсынымдарына сәйкес инженерлік-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл процесс 2025 жылдың тамыз айында басталған.

Жоба Росатом компаниясымен бірлесіп іске асырылуда. Мамандар аумақтың геологиялық, техникалық және инфрақұрылымдық әлеуетін жан-жақты зерделеп жатыр.

Сонымен қатар, екінші атом электр станциясын орналастыру мәселесі де қатар қаралуда. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл нысан да Жамбыл ауданында салынуы мүмкін. Қазір бұл аумақта да зерттеу және дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, аталған жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бастамалардың бірі болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz