Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қой жүнін терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Алматы облысында қой жүнін терең өңдеуге бағытталған жаңа өндіріс орнының құрылысы басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz. Жоба өңірдегі жеңіл өнеркәсіпті дамытуға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек.

Мөлдір Иманмади
20.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өндірістік кешеннің аумағы — 3 мың шаршы метр.  “Мерген Холдинг” ЖШС тарапынан салынған инвестиция құны — 1,2 млрд теңге. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін жылына 2 мың тоннадан астам қой жүнін өңдеу жоспарланып отыр.

Өндірісте тазартылып, өңделген қой жүнінен текемет, көрпе және өзге де тұрмыстық бұйымдар шығарылмақ. Бұл өз кезегінде отандық өнім көлемін арттырып, шикізатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

“Мерген Холдинг” ЖШС-нің бас директоры Сабит Алиевтің айтуынша, кәсіпорынға қажетті жұмыс күші негізінен Райымбек, Кеген және Ұйғыр аудандарынан тартылады.

«Алғашқы кезеңде автоматтандырылған құрылғылармен жұмыс істеуге 50-ге жуық адам қабылданады. Алдағы уақытта, өндіріс көлемі ұлғайған сайын қызметкерлер саны да артып, аталған аудандар тұрғындарының 70-80 пайызы жұмыспен қамтылады», — деп атап өтті Сабит Алиев.

Аталған өндіріс іске қосылса бұл жергілікті кәсіпкерліктің дамуына ықпал етіп, жеңіл өнеркәсіп саласының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуы ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтаржүн өңдеу зауытыкеген ауданы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz