Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы қарағай өсіруден көш бастап тұр

Алматы облысының Кеген ауданы орман шаруашылығы саласында көшбасшы өңірлердің біріне айналып келеді. Тау бөктерін көмкерген жасыл желекті сақтау және көбейту бағытында орманшылар жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мамандардың айтуынша, бүгінде негізгі басымдық – жергілікті табиғатқа бейімделген Шренк шыршасының санын арттыру. Кеген орман шаруашылығы КММ директоры Айболат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, қазіргі таңда 154,4 гектар аумаққа 1 069 920 қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Бұдан бөлек, 110 гектар жерге 118 мың көшет егілген.

Мамандар бұл жұмыстардың топырақ эрозиясының алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтеді. Орманшылар еңбегі отырғызылған ағаш санымен емес, олардың жерсіну көрсеткішімен бағаланады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 75–80 пайызға жетіп отыр.

Орманды көбейтудің тағы бір маңызды бағыты – тұқым қорын қалыптастыру. 2021–2025 жылдары орман шаруашылығы мамандары 1400 келіден астам сапалы тұқым жинаған. Соның арқасында сырттан көшет әкелмей-ақ, жергілікті жерде өсірілген материалмен орман алқаптары толықтырылуда.

Бұл жұмыстың негізгі орталығы – дендрарий. Мұнда 3,25 гектар аумақта бірнеше жыл ішінде 2 879 000 көшет өсірілген. Олар Саты ауылы маңындағы орманды қалпына келтіруге және облыстың өзге аймақтарына жіберіледі. Болашақта үш миллионға жуық ағаш табиғи ортаға отырғызылып, өңірдің экологиялық тұрақтылығын арттыруға үлес қоспақ.

Қазіргі таңда жалпы аумағы 89 941 гектарды құрайтын орман шаруашылығында 109 адам еңбек етеді. Сала қажетті техникамен толық қамтылған: 19 жол талғамайтын патрульдік көлік, 62 жылқы, 2 өрт сөндіру көлігі, 3 жүк көлігі, 6 дөңгелекті және 5 шынжыр табанды трактор, сондай-ақ арнайы техника бар.

Соңғы жылдары бұл салаға жас мамандардың келуі де артып келеді. Бұл үрдіске жалақының өсуі мен материалдық-техникалық базаның жаңартылуы оң әсерін тигізуде.

Айта кетейік, аталған жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған ел аумағында екі миллиард ағаш отырғызу бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл өз кезегінде өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, экотуризмді дамытуға да серпін береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz