Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта «Таза Қазақстан» акциясы: 500 ағаш егілді, Іле жағасы тазартылды

Алматы облысында Таза Қазақстан аясындағы ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл жолы жалпы облыстық сенбілік Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» қалашығы аумағында өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Шара барысында маңызды мәдени нысанның маңы қоқыстан тазартылып, аумақ көгалдандырылды. Сенбілікке мемлекеттік мекемелер, жеке ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері, жастар, волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдар және эко-белсенділер қатысты.

Іс-шараға қатысқан Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев бұл бастаманың маңызын атап өтті.

«Іле өзенінің жағасындағы “Көшпенділер” қалашығы алдағы уақытта ірі туристік нысанға айналады. Сондықтан келушілерге қолайлы орта қалыптастыру үшін бұл жерде экопарк салу жоспарланып отыр. Бұл өңірдің туристік әлеуетіне жаңа серпін береді», – деді ол.

300-ге жуық адам қатысқан сенбілік барысында «Көшпенділер» қалашығының маңына 500 түп ағаш отырғызылып, Іле өзенінің жағалауы тазартылды.

Экологиялық акцияға қатысушылар табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Қонаев қаласындағы Абай мешітінің наиб имамы Хожанепес Сейітұлы табиғатты аялаудың рухани маңызына тоқталды.

«Ағаш отырғызу – қоршаған ортаға ғана емес, адамзатқа да үлкен пайда әкелетін игі іс. Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет», – деді ол.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңір бойынша өткен сенбілікке 32 мыңға жуық адам қатысып, 225 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 264 тонна қоқыс шығарылып, 17 800 түп ағаш отырғызылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірде қарқынды түрде жалғасып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz