Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында бос жатқан жерлер егістікке айналып жатыр

Алматы облысының Жамбыл ауданында бұрын мал жайылымы болған алқаптар бүгінде өнімге толы егістікке айналып келеді. Шаруалар суармалы жер көлемін ұлғайтып, заманауи технологиялардың көмегімен мол өнім алуға көшкен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аймақта кәсіптің көзін тапқан диқандар қуаң жерлерді тиімді игерудің жолын тапқан. Бұрын түгі шықпай жатқан алқаптардан қазір тонна-тонна өнім жиналуда. Ол үшін шаруалар құдық қазып, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізіп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстармен танысу үшін 18 сәуірде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бірқатар шаруа қожалықтарын аралады.

Жамбыл ауданында бүгінде 22 мың гектар егістік жер бар. Соның жартысына жуығында тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиялары енгізілген. Биыл қосымша 1500 гектар бос жатқан жерді айналымға қосу жоспарланып отыр. Айта кету керек, мұндай технологияларды орнатуға мемлекет тарапынан 80 пайызға дейін субсидия қарастырылған.

Әкім сапарының алғашқы нысаны Жайсаң ауылындағы «Генефонд» серіктестігі болды. Мұнда 800 гектар алқапқа су үнемдеу жүйесі енгізілген. Нәтижесінде 300 гектарға жүгері, 500 гектарға жоңышқа егілген. Заманауи тәсілдердің арқасында өнім көлемі екі есеге артқан: бұрын 5 мың тонна жоңышқа жиналса, қазір бұл көрсеткіш 10 мың тоннаға жеткен.

Шаруашылықта 3 жаңбырлатып суару құрылғысы, 2 барабанды қондырғы, 5 сорғы станциясы мен 2 ұңғыма жұмыс істейді. Сонымен қатар қуаттылығы 400 кВт трансформатор орнатылып, көлемі 16 мың текше метр болатын су қоймасы салынған. Техникамен қамтылуы да жоғары — 10 трактор, 3 комбайн және 4 жүк көлігі бар. Қазіргі таңда мұнда 800 басқа арналған сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр, нысан күзде іске қосылады деп жоспарланған.

Аймақ басшысы барған келесі нысан – Ақсеңгір ауылдық округіндегі «Берекелі ет» шаруа қожалығы. Мұнда былтыр 200 гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізіліп, жоғары өнімге қол жеткізілген. Мәселен, әр гектардан 70 тоннаға дейін жүгері, 4 тонна бидай, 2,5 тонна арпа жиналған.

Биыл шаруашылық 1000 гектар алқапқа толықтай тамшылатып суару жүйесін енгізген. Ол үшін 6 құдық қазылып, 4 су бассейні салынған. Алынған өнім «Бауырлар» қожалығындағы мал бордақылауға бағытталады. 2022 жылы 200 ірі қарамен басталған бұл ферма бүгінде 2000-нан астам мал ұстап отыр.

Облыс әкімі жайылым жерлерді суармалы егістікке айналдыру – ауыл шаруашылығын дамытудың тиімді тетігі екенін атап өтті. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жобалар өңірдің аграрлық әлеуетін арттырып қана қоймай, жалпы экономикалық дамуына да серпін бермек.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.04.2026

Алматы облысында бос жатқан жерлер егістікке айналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.04.2026

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz