Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Алматы облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану өз тиімділігін көрсетіп отыр. Жыл басынан бері дрондардың көмегімен 376 құқық бұзушылықтың жолы кесілген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Полиция мәліметінше, дрондар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтіп, құқық бұзушыларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік берген. Соның нәтижесінде ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етілген.

Ең жиі тіркелген құқық бұзушылықтардың қатарында қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қиылыстардан өту қағидаларын бұзу, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау, көлікті тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзу бар. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер тарапынан да жол жүру қағидаларын бұзу деректері кездескен.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын айтты.

«Ұшқышсыз ұшу аппараттары жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерде құқық бұзушылықтарды анықтауға, объективті бақылауды қамтамасыз етуге және жүргізушілердің қауіпті әрекеттеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Басты мақсат жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, апаттылықтың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау», — деді ол.

Аймақта заманауи технологияларды енгізу арқылы жол қозғалысы мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz