Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Алматы облысының Талғар ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 25 азаматқа пәтер кілттері табысталды. Баспаналар әлеуметтік осал топ санатына жататын тұрғындарға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде тұрғындарды баспанамен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесін әрдайым негізгі міндеттердің бірі ретінде атап келеді. Осы бағытта өткен жылы 27,5 млрд теңгеге 1700 пәтер сатып алынды. Оның 1500-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, 200-і жалпы кезекте тұрғандарға берілді. Биыл 42 млрд теңгеге 2361 пәтер сатып алуға ұсыныс беріліп, қаражат бөлінді. Бұл үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ өңірде жергілікті бюджет есебінен 80,6 мың шаршы метрді құрайтын 1018 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл баспаналар жеңілдетілген несие арқылы азаматтарға ұсынылмақ.

Жаңа пәтер иелерінің бірі, көпбалалы ана Мая Оспанова бұл күнді көптен күткенін айтты.

«Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн. 11 жыл бойы кезекте тұрып, өз үйіміздің кілтін алып отырмыз. Балаларымның кең әрі жайлы үйде өсетініне өте қуаныштымын. Осындай қолдау көрсеткен әкімдікке алғысым шексіз», — деді ол.

Облыс бойынша бүгінде тұрғын үй кезегінде 70 мыңға жуық адам тіркелген. Оның ішінде 21 510 адам әлеуметтік осал топ санатына жатады. Ал Талғар ауданында 14 мыңнан астам тұрғын баспана кезегінде тұрса, олардың 7000-нан астамы әлеуметтік осал топ өкілдері.

Соңғы екі жылда Талғар ауданында 459 пәтер сатып алынып, көпбалалы отбасыларға, балалар үйі түлектеріне және ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға кезең-кезеңімен беріліп келеді.

Алматы облысында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz