Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Алматы облысында «AMANAT» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының және Қонаев қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Тазалық жұмыстары Іле өзенінің бойындағы «Көшпенділер қаласы» мен «Таңбалы тас» шатқалы маңында жүргізілді. Акция барысында аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып қана қоймай, жартастарға жазылған бейберекет жазулар да өшірілді.

Іс-шараға 150-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында партия мүшелері, жастар қанатының белсенділері, еріктілер, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар бар. Бір күн ішінде 9 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы полигонға шығарылды.

Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыровнің айтуынша, Іле өзенінің бойы – өңірдің көрікті әрі көпшілік жиі баратын орындарының бірі.

«Демалушылар саны артқан сайын қоқыс көлемі де көбейіп, жартастарға ретсіз жазу қалдыру сияқты келеңсіз жағдайлар жиілеп барады. Өткен жылы осы аумақтан 30 тоннадан астам қоқыс шығарылған болатын. Биыл да мәселенің өзекті күйінде қалып отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл акцияның басты мақсаты тек тазалық жүргізу емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру», – деді ол.

Өз кезегінде облыстық «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Әділет Айтқазы өзен жағасында пластик, шыны және тұрмыстық қалдықтардың көп жиналатынын атап өтті. Ал шатқалдағы жартастарда туристер қалдырған жазулар табиғи және тарихи келбетті бұзып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін туристік аймақтарда санитарлық инфрақұрылымды күшейтіп, қоқыс контейнерлерінің санын арттыру және бақылауды қатаңдату қажет.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Санэпидкомитет төрағасы Алматы облысындағы эпидемиологиялық ахуалды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Талғарда жаңа жастар орталығы ашылды: 70 мыңнан астам жасқа мүмкіндік

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz