Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында прокурорлар алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты шараларды күшейтіп, биылғы жылдың алғашқы үш айында 500 млн теңге қарызды өндірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Облыстық прокуратураның мәліметінше, осы кезеңде 13 қасақана төлемеушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша (балаларды асырауға қаражат төлеу міндеттерін орындамау) қылмыстық істер қозғалған. Оның ішінде 3 адам сотталып, нақты жазалау шаралары қолданылған. Қалған істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, прокуратура бастамасымен 107 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 95-і 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған.

Балалардың мүддесін қорғау мақсатында жалпы құны 32 млн теңгені құрайтын 8 мүлік нысаны (жер учаскелері, тұрғын үйлер және автокөліктер) өндіріп алушылардың пайдасына берілді. Мәселен, борышкерлердің бірі қарызын өтеу үшін құны 7,5 млн теңге болатын жер учаскесін тапсырған.

Прокуратура өкілдері мұндай шаралар ата-ана міндеттерін орындаудан әдейі жалтарғандарға қатысты жауапкершіліктің сөзсіз болуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, алименттік міндеттемелер әлеуметтік маңызы жоғары болып табылады және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға тікелей әсер етеді. Сондықтан алимент төлеуден жалтарудың әрбір дерегі заң аясында қатаң түрде қаралатын болады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz