Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Алматы облысында полиция қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болуға шақ қалған әйелді дер кезінде тоқтатып, ірі көлемдегі қаржысынан айырылып қалудан сақтап қалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Белгілі болғандай, әйелдің қызы анасының күмәнді әрекетін байқап, бірден полицияға хабар берген. Сол сәтте әйел ірі көлемде несие рәсімдеп, ақшаны алаяқтарға аударуға жақын тұрған.

Полиция қызметкерлері әйелді тоқтатуға тырысқанымен, ол керісінше қашып, оларды өзіне жақындатпаған. Әйел телефон арқылы алаяқтармен сөйлесіп келе жатып, «мені полиция ұстамақ болып жатыр» деп, жағдайды соларға хабарлап отырған.

Анықталғандай, алаяқтар алдын ала оны қорқытып, психологиялық қысым көрсеткен. Олар «құпия тергеу жүріп жатыр», «ешкімге айтпа», «полицияға сенбе» деген сияқты сөздер арқылы сеніміне кірген. Тіпті «айтсаң, қамауға алынасың» деп үрейлендірген. Осы себепті әйел шынайы полиция қызметкерлеріне де сенбей, қатты қорқып жүрген.

Ақырында полицейлер әйелді тоқтатып, сабырға шақырып, мән-жайды түсіндіріп үлгерген. Нәтижесінде оны алаяқтардың ықпалынан шығарып, қаржысын сақтап қалды.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта мұндай алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткен. Қаскөйлер көбіне өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, адамдарды қорқыту арқылы ақша бопсалайды.

Осыған байланысты мамандар күмәнді қоңырауларға сенбеуге, ешкімге SMS-кодтар мен жеке мәліметтерді бермеуге кеңес береді. Себебі ресми мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Санэпидкомитет төрағасы Алматы облысындағы эпидемиологиялық ахуалды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Талғарда жаңа жастар орталығы ашылды: 70 мыңнан астам жасқа мүмкіндік

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz