Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
16.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиынға өңірдің медицина саласындағы жетекші мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.

Алқа отырысын облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев ашып, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Оның айтуынша, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі.

Одан кейін Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов баяндама жасап, саладағы қазіргі ахуал мен алдағы жоспарларды таныстырды. Баяндамасында медициналық инфрақұрылымды жаңарту, кадр тапшылығын азайту және цифрландыру үдерістерін жеделдету мәселелері қамтылды. Жиында басқарма басшысының орынбасары Лейла Серикбаева да сөз сөйлеп, бірқатар бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсеткіштерге тоқталды.

Алқа отырысы барысында қатысушылар саладағы түйткілді мәселелерді талқылап, нақты ұсыныстар мен ұйымдастырушылық шешімдер қабылдады. Жиын соңында Ержан Сүлейменов қорытынды сөз сөйлеп, қабылданған шешімдердің орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай алқа отырыстары өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, медициналық қызмет сапасын арттыруға және халық денсаулығын нығайтуға серпін береді.

Тегтер: Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz