Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта масаларға қарсы күрес күшейтілді: дезинсекция бірнеше кезеңмен өтеді

Қонаев қаласында масаларға қарсы дезинсекция және жасыл желектерді зиянкестерден қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шараларды қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ұйымдастырылып жатыр.

Мамандардың мәліметінше, 15 сәуірден 16 сәуірге қараған түні қамыс алқаптары арнайы өңдеуден өтті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар қала ішіндегі аумақтарда жалғасады.

Өңдеу кезінде Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген, қауіптілігі төмен препараттар пайдаланылады. Олар қоршаған ортаға, адамдар мен жануарларға зиянсыз. Алайда препараттардың өзіндік иісі болғандықтан, тұрғындарға өңдеу жүргізіліп жатқан уақытта терезелер мен есіктерді жауып қою ұсынылады.

«Алдымен су айдындарына жақын аумақтар өңделуде. Одан кейін қала ішіндегі учаскелер қамтылады. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі», – деді ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадияр Зәкеров.

Ресми мәліметке сәйкес, дезинсекция жұмыстары бір апта бойы жүргізіледі және күз айларына дейін бірнеше кезеңмен жалғасады. Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қыркүйек айына дейін безгек масасына қарсы өңдеуді алты кезең бойынша жүргізуді жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz