Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті

Іле ауданында республикалық абаттандыру бағдарламасы аясында «Таза өлке – таза жер» атты ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Іс-шара барысында аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен еріктілер бірлесіп, қоршаған ортаны тазартуға атсалысты.

Акцияның негізгі нысандарының бірі «Үш ұрпақ» ескерткішінің аумағы болды. Қатысушылар бұл орынның таңдалуы бекер емес екенін атап өтті. Олардың айтуынша, туған жердің тазалығы мен оған деген жанашырлық – қоғамдағы үш ұрпақты біріктіретін маңызды құндылықтардың бірі.

Шара барысында бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ескерткішке іргелес аумақ пен жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылып, жасыл желектер санитарлық тұрғыда бұталды. Сонымен қатар, гүлзарлар күтіп-бапталып, кіші сәулет нысандары сырланып, жаңартылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихи және мәдени нысандардың тазалығы – елдің рухани деңгейінің көрсеткіші.

«Киелі орындарымыздың тазалығы – біздің тарихымызға деген құрметіміз. Бүгін ауданға деген жанашырлығын нақты іспен дәлелдеп жүрген жастардың белсенділігі қуантады», – деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, экологиялық акция өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Журналистермен сұхбат барысында қатысушылар мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді.

Іле ауданының әкімдігі акцияға белсенді қатысқан барлық азаматтарға және шараны кеңінен насихаттаған БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді.

Тазалық – әр адамның табалдырығынан басталады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Еңбекшіқазақ ауданында екі қабатты үй өртенді

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Талғар ауданында шыққан өрт 38 минутта сөндірілді

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz