Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгерді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға қатысты емтихан тапсыру тәртібі өзгерді. Енді азаматтар емтиханды ақылы негізде, арасына 10 күн салып, шектеусіз рет тапсыра алады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Бұған дейін жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тегін түрде үш рет қана тапсыра алатын.

Жаңа өзгерістер премьер-министрдің орынбасары, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңес барысында қарастырылып, бекітілді.

Кеңесте Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген ұсыныстар талқыланған. Олар жүргізуші куәлігін алу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, азаматтар үшін қолайлылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және жүргізушілерді даярлау сапасын жақсартуға бағытталған.

«Жаңашылдықтарға сәйкес, азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде, емтихандар арасында кемінде 10 күнтізбелік күн үзіліс сақтай отырып, шектеусіз тапсыра алады», – делінген Үкімет хабарламасында.

Жаңа ережелер азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауға және емтихан тапсыру процесін жетілдіруге бағытталған.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz