Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта 25 заңсыз жарнама алынып тасталды

Қонаев қаласында заңсыз орнатылған 25 жарнама нысаны алынып тасталды. Бұл туралы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алишер Байдуанов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оның айтуынша, қала келбетін жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңсыз орнатылған жарнамалар анықталып, толықтай демонтаждалған.

Сонымен қатар, дизайн-код талаптарына сәйкес келмейтін нысан иелеріне 36 хабарлама жолданып, оларды қалпына келтіру бойынша міндеттер жүктелген. Бұл жұмыстардың орындалуы тұрақты бақылауда.

Қала аумағында ескірген шағын сәулеттік нысандарды жаңарту, құрылыс аймақтарын уақытша баннерлермен қоршау секілді жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Бұдан бөлек, абаттандырылмаған жаяу жүргіншілер жолдары да анықталып, оларды ретке келтіру бойынша арнайы жобалар әзірленіп жатыр.

Алишер Байдуановтың айтуынша, өткен жылы демеушілер есебінен саяжай аумағында, сондай-ақ Абай және Соболев көшелерінде балалар ойын алаңы мен аллея салынған.

«Биыл демеушілер есебінен ғимараттарды жарықтандыру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда орталық мешіттің, қала кіреберісіндегі 9 қабатты тұрғын үйдің қасбеттері және стела жарықтандырылды. Алдағы уақытта Алматы көшесінің бойындағы ғимараттарды жарықтандыру жоспарланып отыр», – деді бөлім басшысы.

Қала әкімдігі алдағы уақытта да Қонаевтың сәулеттік келбетін жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz