Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Ауыл құтқарушылары» 23 өрттің алдын алды

Алматы облысында ауылдық елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттері жүйесі қалыптасып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

2025 жылдан бастап өңірде осындай 11 ерікті өрт сөндіру пункті жұмыс істейді. Олар жалпы саны 190 мыңнан астам тұрғыны бар 44 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Пункттер 11 бірлік өрт сөндіру техникасымен жабдықталған. Ал жеке құрам жергілікті тұрғындар арасынан іріктелген 32 еріктіден құралған. Олар арнайы дайындықтан өтіп, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге машықтанған. Көп жағдайда еріктілер оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетеді.

2026 жылдың басынан бері еріктілер мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп 23 өрттің алдын алған.

Соңғы оқиғалардың бірі Іле ауданының Ақсай ауылында тіркелген. Мұнда жеке тұрғын үйде шыққан өрт 27 шаршы метр аумақта екі бөлмені шарпыған. Сондай-ақ шаруашылық құрылысына зақым келген. Өрт сөндірушілер мен еріктілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында тілсіз жау дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілген.

Мамандардың айтуынша, «Ауыл құтқарушылары» жүйесі шалғай елді мекендерде ерекше маңызға ие. Өйткені мұндай жағдайда әрбір минут шешуші рөл атқарады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz