Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 30 мың тұрғын сенбілікке қатысты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шараға өңір бойынша 30 мыңға жуық адам қатысып, 200 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 394 тонна қоқыс шығарылды.

Айтулы шаралардың бірі Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Мұнда 10 гектар аумақты қамтитын «Барыс» экопаркінің негізі қаланып, алғашқы көшеттер отырғызылды. Акцияға қала тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері мен белсенділер белсенді қатысты. Сондай-ақ облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те сенбілікке қатысып, ағаш отырғызу жұмысына өз үлесін қосты.

Өңір басшысы жаңа экопарк қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Қонаев қаласы – облыс орталығы ретінде қарқынды дамып келе жатқан шаһар. Сондықтан мұнда халықтың демалысына, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. “Барыс” экопаркі тек ағаш отырғызатын орын емес, тұрғындар мен қонақтар үшін заманауи демалыс кеңістігіне айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, биыл Алматы облысында 220 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Жыл басынан бері оның 22 мыңы егілген.

Сенбілік барысында Қонаевтағы экопарк аумағына 200 түп көшет отырғызылды. Жалпы бұл жерде 5 мыңға жуық ағаш егу жоспарланып отыр. Жасыл желектің жақсы өсіп-жетілуі үшін өңірдің климаттық ерекшелігіне бейімделген ағаш түрлері таңдалған.

Жоба аясында экопарк аумағында жаяу жүргіншілер жолдары, заманауи жарықтандыру жүйесі және демалыс орындары салынып, тұрғындар үшін жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастырылады. Нысанды жыл соңына дейін толық пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, «Көшпенділер қалашығы» маңында тағы бір экопарк салу көзделген. Онда 500 түп ағаш отырғызылып, абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Ұйымдастырушылар мұндай экологиялық акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz