Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында зейнеткерді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Алматы облысының полицейлері велосипедтегі зейнеткерді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

21 тамыз күні сағат кешкі 7:30 шамасында Жамбыл аудандық ПБ-ға Таран ауылына кіре берісте белгісіз көлік жүргізушісі велосипедтегі зейнеткерді қағып, қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға салдарынан 81 жастағы ер адам зардап шегіп, Жамбыл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Ізінше, жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желіге тарады. Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері ЗАЗ Chance автокөлігін басқарған Қарасай ауданының 61 жастағы тұрғынын ұстап, қамауға алды. Көлігі айып тұрағына қойылды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы), 611-бабының 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 608-бабының 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Тегтер: зейнеткероқиға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz