Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы қысқарады ма? Ресми жауап берілді

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Ведомство мәліметінше, белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдаланып, ынтымақты зейнетақы төлемдері қысқарады деген жалған ақпарат таратып жатыр.

Министрлік 2026 жылғы 30 наурызда жасаған ресми мәлімдемесінде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын нақтылады.

«Бұл шындыққа сәйкес келмейді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазақстандықтарға ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10 пайызға арттырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері кезең-кезеңімен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120 пайызына дейін ұлғайтылып келеді.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz