Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Заңсыз онлайн-казино ісі: қазақстандық блогерге іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті блогер Ильяр Ювашевке (andersonchik1) мемлекетаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, ол Mellstroy жобасына байланысты заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2024–2025 жылдары Ювашев онлайн-казино желісін құру және басқаруға қатысқан. Оның ішінде Mellstroy сайты да бар.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қаржы ағындарын жасыру және заңдастыру үшін 22 жалған компания тіркелген. Сондай-ақ POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат өткен.

«ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті мемлекетаралық іздеуге жариялады: Ювашев Ильяр Салаватович, 23 маусым 1998 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, andersonchik1 лақап атымен танымал блогер», – делінген хабарламада.

Ведомство Астана қаласындағы экономикалық тергеу департаментіне күдіктінің жүрген жері туралы кез келген ақпаратты хабарлауды сұрады. Ақпарат бергендерге сыйақы төленіп, анонимдігі сақталатыны айтылды.

Сонымен қатар ҚМА Беларусь азаматы Андрей Буримге (Mellstroy ретінде белгілі) қатысты тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Ол да халықаралық іздеуде.

Тергеу нұсқасына сәйкес, блогер интернет-казиноны жарнамалау мақсатында түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырып, қолданушыларды брендті атап, сілтемелері бар бейнероликтер жариялауға итермелеген.

Тегтер: Қазақстанхалықаралық іздеу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz